Республиканский научно-практический центр экспертизы содержания образования

Челленджге BMSO қызметкерлерін бастаған директор - Нұрлан Елдос Болатханұлы, Оқу-ағарту министрлігінің заң департаменті орынбасары, және осы мектеп оқушысының ата-анасы - Давлет Тимур Владимирович қатысып оқушылармен бірге мектеп аумағына көшет отырғызды.

Бұл іс-шара экологиялық мәдениетті, өлке табиғаты мен қоршаған ортаға ұқыпты қарауды, еңбекқорлықты, қоршаған ортаны көгалдандыруды дамытуға бағытталған.

«Жасыл мекен» челленджіне шақырғаны және өткізгені үшін алғыс ретінде Елдос Болатханұлы мектеп директоры Айтова Жанат Турысбековнаға "Ақылды бала" бестселлер кітабын сыйға тартты.