Жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың тұжырымдамасын және мазмұнын талқылау бойынша дөңгелек үстел
Конференцияның екінші күні Нұр-Сұлтан қаласының №60 мектеп-гимназиясы базасында жалғасты. Әрбір пән бойынша жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың тұжырымдамасын және мазмұнын талқылау бойынша 14 дөңгелек үстел жұмысы ұйымдастырылды. Іскерлік ойын стилінде ұйымдастырылған Дөңгелек үстел жұмысы барысында авторлар, сарапшылар, бағдарлама әзірлеушілері мен мұғалімдер оқу процесіне енгізілген жаңартылған мазмұндағы оқулықтардың тұжырымдамасы мен мазмұнын, оқулықтарды пайдалану барысында пайда болған түйткілді мәселелерді және оларды шешу жолдарын талқылады. Конференция жұмысының қорытындысында, қатысушылар оқу әдебиеттерінің мазмұны мен құрылымын жақсартуға, білім беру мазмұнын жетілдіруге бағытталған ұсынымдар қабылдады өз ұсыныстарын жасады.