Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы

«Білім беру ресурстарын жаңғырту: тәжірибе және болашағы» халықаралық ғылыми-практикалық конференциясының Панельдік сессия материалдары

Конференция аясында жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиетін әзірлеу: тәжірибе, талдау және жетілдіру  тетіктері, оқу әдебиеттеріне сараптама жүргізу жүйесін жетілдіру,  электрондық оқу құралдарын әзірлеу және оқу процесіне енгізу мәселелері жөніндегі панельдік сессияларда оқулықтарды әзірлеу, сараптамадан өткізу және оқытудың электрондық ресурстарын әзірлеу бойынша мамандардың 35-тен аса баяндамасы тыңдалып, талқылаулар ұйымдастырылды.

Панелдік сессия № 1. Жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиетін әзірлеу: тәжірибе, талдау және жетілдіру  тетіктері

  1. Оқулық әзірлеудің әдіснамалық аспектілері және мазмұнына қойылатын талаптар
  2. Корея Республикасында   әдістемелік материалдарды әзірлеу және пайдалану
  3. Заманауи мектеп оқулығы: Беларусь Республикасының тәжірибесі
  4. STEM-нің жаңа қырлары.  Білімге құштар болудың 10 себебі
  5. Физика оқулығындағы құрылымдық тапсырмалардың тиімділігі
  6. Білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Көркем еңбек» пәнін ОӘК жұмыстың мазмұндық және әдістемелік аспектілері арқылы оқыту ерекшеліктері

Панелдік сессия № 2. Жаңартылған мазмұндағы оқу әдебиетін әзірлеу: тәжірибе, талдау және жетілдіру  тетіктері (тілдік пәндер)

  1. Ағылшын тілінен жаңа ұлттық оқулықтар - Қырғыз Республикасының білім беру жүйесінде құзіреттілік тәсілдемелерді жүзеге асыру тәсілі ретінде
  2. Орыс әдебиеті оқулығындағы көркем сөз интерпретациясы
  3. Жаңартылған мазмұндағы білім беру кеңістігі. «Қазақ әдебиетін» оқытудағы теория мен тәжірибе
  4. Функционалдық оқу: филологиялық блок тұрғысынан үлгілік оқу бағдарламаларын талдау
  5. Қазақ тілін оқытудық аксиологиялық бағыты
  6. Жаңа мазмұнды оқулықтардың жағдайы мен сапалық мәселелері

Панелдік сессия № 3 Оқу әдебиеттеріне сараптама жүргізу жүйесін жетілдіру

  1. Ғылыми-педагогикалық сараптама сапасы: сараптама тәжірибесін талдау
  2. Нормативтік-құқықтық актілердегі өзгерістер. Сараптама сапасына қойылатын талаптар
  3. Оқулық әдістемелік аппараты жаңа бағдарламалық талаптарды жүзеге асырушы жүйе ретінде
  4. Оқулықтың әдістемелік аппаратындағы тапсырмаларды, оқушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау тапсырмаларын бағалау (химия пәні мысалында)
  5. Ресей Федерациясында  оқулықтарға сараптама жүргізу және сараптау критерийлерін әзірлеу тәжірибесінен
  6. Өздігінен білім алуға бағдарлау қызметін бағалау: критерий, дидактика, практикалық тәжірибе

Панелдік сессия № 4  Электрондық оқу құралдарын әзірлеу және оқу процесіне енгізу мәселелері

  1. Оқушылардың қызығушылығын арттырудағы аралас оқыту әдістемесі
  2. Bilimland интербелсенді ресурстарында бейімдеп оқыту моделін пайдалану арқылы Геометрияны оқытудың тұжырымдамалық артықшылықтары
  3. OPIQ.KZ- «Алматыкітап» баспасының электрондық оқулықтар платформасы
  4. Жаратылыстану оқу бағдарламасын жүзеге асыруда  цифрлық технологияларды қолдану
  5. Тарих сабағында электрондық оқулықтарды қолдану мүмкіндіктері