Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы
Орталық туралы

«Оқулық» республикалық ғылыми-практикалық орталығы (бұдан әрі Орталық) ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 29 сәуірдегі №405 қаулысына сәйкес құрылды.

2021 жылдың 6 мамырында Орталық атауы Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы болып ауысты.

Орталық – білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарды, оқу-әдістемелік кешендерді сараптаудың операторы. Бұл қызметті Орталық 2005 жылдан бастап тұрақты жүзеге асырып келеді. Аталған қызмет оқу әдебиеттерінің МЖБС, үлгілік оқу жоспарлары, бағдарламалар және басқа да бірқатар нормативтік құжаттар талаптарына сәйкестігіне мемлекеттік бақылауды қамтамасыз етуге бағытталған.

Орталық білім беру деңгейлері бойынша оқулықтарға, оқу-әдістемелік кешендер мен оқу құралдарына сараптама жүргізуді ұйымдастырады. Оқулықтарды мақұлдау бірнеше кезеңнен тұрады. Атап айтқанда: 1) екі кезеңді ғылыми-педагогикалық сараптама, 2) жаңадан әзірленген оқулықтарды пилоттық мектептерде сынақтан өткізу, 3) қоғамдық-педагогикалық талқылау және 4) пәндік сараптамалық комиссия қарауы.

Зертханалар